Астанада өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Оның бірінде Ресей қыздарымен тең түскен (2:2) Украина командасы әлем чемпионы атанды. Соңғы матчта тағы 1 ұпай алған олар жалпы ұпай санын 16-ға толтырып, ешкім жете алмайтындай биікке көтерілді. Енді 13 ұпайы бар Қытай құрамасы Үндістан қыздарын жеңген күнде де олармен теңесе алмайды.
Осы уақытқа дейін аяқталған екінші матч та тең нәтиже әкелді. Онда АҚШ және Румыния командалары бір-бірлерін ала алмады. Ал Қазақстан құрамасы дәл қазіргі сағаттарда Грузия командасына 0,5:1,5 болып ұтылып тұр. Қытай мен Үндістан қыздары кездесуінде бір партия ғана аяқталды. Ол тең бітті. Франция мен Түркия арасындағы кездесуде әлі бір партия да аяқталған жоқ.
Украина қыздары - әлем чемпионы атанды!
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс