Сербия полициясы осыдан 7 жыл бұрын (2006 жылдың қаңтар айында) Нови-Сад мұражайынан ұрланған әйгілі қылқалам шебері Рембрандтың «Әке портреті» туындысы табылды. Сондай-ақ, тонау кезінде мұражайдан Питер Пауль Рубенстің «Сенека», Пьер Франческо Моланың "Ночной пейзаж с рыбаком" сынды туындылары да қолды болған еді.
Сурет 1630 жылы салынған. Оның ұрлануынан кейін сарапшылар бұл шығарманы 2,5 млн. фунт стерлинг шамасында бағалады. Нақтырақ айтқанда, жоғалған туындының бағасы барған сайын арта түсті деуге болады. Туынды Белградтан батысқа қарай шамамен 70 шақырым жердегі Сремска-Митровица қаласы ауданында табылды, деп хабарлады полиция директоры Милорад Вельович. Бағалы туындыны ұрлауға қатысы бар деген 4 күдіктіні ұстады. Табылған суреттің түпнұсқа екендігін арнайы сарапшылар растап отыр.
Рембрандтың осыдан 7 жыл бұрын қолды болған «Әке портреті» туындысы табылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс