«Барселона» клубының аргентиналық футболшысы Лионель Месси кезекті рекордын орнатты. Бұл туралы ВЕСТИ команданың ресми сайтына сілтеме жасап Bnews.kz хабарлады.
Месси бір лига аясында 17 матчта қатарынан гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Испания чемпионатының 27-турында «Депортивомен» кездескен каталониялық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті, ал Месси ұлттық біріншіліктегі 27-ші голын соқты. Ізін ала чилийлік шабуылдаушы Алексис Санчес есепті еселеді.
Месси «Рух» клубының футболшысы Теодор Пьютеректің орнатқан рекордын бұзды. Ол 1937/1938 жылғы маусымда қатарынан 16 матчта гол соғып, 22 рет қарсыластар қақпасының осал жерін тапқан.
Месси кезекті рекордын орнатты
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс