26 ақпан -3 наурыз күндері аралығында Кейптаун қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) ұлттық спорт түрі - қазақ күресінен ересектер арасында Африканың чемпионаты өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Чемпионатқа Африканың 6 мемлекетінен 30 спортшы қатысты (Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Ботсвана, Свазиленд, Габон, Нигерия).
Чемпионат 4 салмақ дәрежемен өткізілді (60, 70, 90, + 90 килограмм). Сонымен қатар, чемпионат кезінде оқу-жаттығу тренинг және төрешілерге арналған семинар өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
60 килограмм
1 орын - Стефан Филлипс (Оңтүстік Африка Республикасы)
2 орын - Таванда Манганганга (Зимбабве)
3 орын - Вилбур Влул (Оңтүстік Африка Республикасы)
3 орын - Майкл Пелономи (Ботсвана)
70 килограмм
1 орын - Мусса Анафи (Зимбабве)
2 орын - Абдул Гакем Хаузер (Оңтүстік Африка Республикасы)
3 орын - Дольфвандер Весшуйзер (Оңтүстік Африка Республикасы)
3 орын - Сипхо Малаза (Свазиленд)
90 килограмм
1 орын - Эдсон Пиндза (Габон)
2 орын - Джордж Атоеби (Нигерия)
3 орын - Абубакр Петерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)
3 орын - Варрен Коопман (Оңтүстік Африка Республикасы)
+ 90 килограмм
1 орын - Дин Пиетерсен (Оңтүстік Африка Республикасы)
2 орын - Виктор Гвебу (Свазиленд)
3 орын - Самуэль Амиго Рамаеба (Ботсвана)
3 орын - Кобе Тернта (Оңтүстік Африка Республикасы)
Қазақ күресі - Африкада да қазақ күресі
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?