Қазақстан Президентінің күзет қызметі бастығы болып Әнуар Садықұлов тағайындалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.
Әнуар Садықұлов республикалық гвардияның қолбасшысы болып тағайындалған Мұхтар Аюбаевтың орнына келіп отыр. Ал, Амангелді Шабдарбаев гвардия қолбасшылығы мен әскери қызметтен зейнет жасына толғандықтан босатылып отыр.
Президенттің күзет қызметінің басшысы болып тағайындалған Әнуар Садықұлов 2013 жылдың қаңтарында Президент қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметінен босатылған еді. Кейін ол Қазақстан ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағын басқарды.
Қазақстан Президенті күзет қызметінің бастығы ауысты
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс