8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі! Мереке қарсаңында Астана қаласында суреттер көрмесі ашылып, үздік дизайнерлердің сән үлгісі көрсетілді.
Ұйымдастырушылар «Көктем шуағы» (Дыхание весны) деген атпен өткізген шарада қоғамның назарын бір сәтке нәзік жандыларға аудартып, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі, аяулы ана, тәрбиелі келін болған әйелдерді әдемілікке үндейтін жаңа киім үлгілерін ұсынды. Шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан жастар конгресі.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдесінің иегері Бейбіт Әсемқұл:
- Біз өміріміздің мәні болған, сұлулықтың символы әйелдерді шын жүректен мерекесімен құттықтағымыз келеді. Мен өз басым көрмеде әйелдерге тән әсемді пен сыпайылықты көрсететін «ню» стиліндегі жұмысыммен таныстырамын, - дейді.
Астанада әйелдер мерекесіне орай ерекше көрме ашылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс