Жаңалықтар

Қос саңлақ

Сонау 1972 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма  театрына бір топ жас буын арнаулы оқу орнын бітіріп келдік. Олар: Қ.Сатқанбаев, М.Бақытжанов, У.Әлжанов, М.Рахымжанова, Ш.Ақжолова, Қ.Оразбаев және тағы басқалар еді.    Сол кезеңде театр негізін қалаушы аға буын Қазақстанның халық әртісі Ш.Сакиев, Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер: М.Табанов, Г.Батырғалиева, Жұмағұловтар, одан кейінгі ізбасарлары Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер: М.Салықов, О.Әбділманов, А.Ружева, Ж.Шүленбаев, Г.Өскенбаева, Ә.Дүйсекенова сынды аға-апалар сахна төрінде өнердің үлкен жүгін көтеріп жүргенде, біз де жас буын болып, жүрегіміз лүпілдеп, өнер тарландарымен бірге қызмет жасап, сол кісілерден өнеге алғанымызға қуандық. Олар сахналық образды жасауда бағыт-бағдар берумен қатар, өмірде де үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті үйретті. Сонымен бірге халықтың «артист» деп сынай қарағанда, сол «артистің» әдептілігі өзгеден озық болуын бізден де талап етті, өздері де көрсете білді. Өнер саңлақтарының әрқайсының жасаған образдары жадымызда,  өмірдегі ерекшеліктері есімізде. Ойласаң бейнелері көз алдымызға келе қалады. Біз келгенде елу жасты еңсергелі тұрған аға-апаларымыз, қыз-жігіттердің рөлдерін жастықтың есесіне беріп, енді ел ағасы мен аналар образын жасап жүргенін көрдік. Біз жас буын өнер тарландарынан образдың қыр-сырын ашу шеберліктері мен көрермен жүрегіне шынайы қарапайымдылықпен жол тауып, байланыста болғандығына қызыға қарап, өнеге тұтып, үйрендік. Әрқашан өнерлі отбасы ретінде Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс О.Әбділманов пен Қазақстанның халық әртісі А.Ружева жасаған образдары ерекшеліктерімен есте қалды. Оразғали ағаның М.Шолоховтың «Тынық Дон» спектакліндегі – Пантелей Прокофьевич, Ян Соловичтің «Түлен түрткен тіленші» спектакліндегі – Цицак, С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасындаңы  Балуан Шолақ рөлдерінде қайсысында болмасын  ішкі эмоциялық көңіл-күйі отты жанарының жарқылынан жек көргені, жақсы көргені, қамқорлығы көрініп тұрар еді. Бәйгедегі тұлпардай тыпыршып, өткір кездіктей лыпылдап,  сахнада босаңдыққа жібермей ширығып тұрар еді. Оразғали ағаның «Бұйра қара шашы, қою қара қасы, мейірімді күлімдеген көзі, сұлу серілердей бейнесі» елестейді. «Ал, алтындарым», «Так-так», апайымызға «Алтынка» деген өзіне тән сөздері құлағыма келеді. Оразғали ағаның М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» спектаклінде Аяздың, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» Досымның рөлдерін ойнағанын өз көзіммен көріп, тамашаладым. Образдардың сырт бейнесін асқан шеберлікпен ойнайтын – Пантелейде сылтып басып, бір көзін қысыңқырап, дауысын да ыңырына құбылтып салатын. Досымның рөлінде ән айтқанына тәнті болдым.          «Сен менің арманым, ақ құсымсы-ы-ң,           Сен менің ардағым, бақ құсымсы-ы-ң!» – деп биікке көтерілгенде, іштей қосылған менің демім жетпей қалатын-ды. Мен Орекеңнің актерлік шеберліктің қыр-сырын терең меңгергеніне, сан түрлі құбылған дауысының кеңдігіне қайран қалдым. Сол сәттен бастап дем, үн жаттығуларын игеру керектігін миыма түйдім. Иә, Оразғали аға  сахналық образды жасауда бағыт-бағдар үйретумен қатар, өмірде де үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік және халықтың көз қырында «артист» деп сынай қарағанда да «әдеттілік» өзгеден озық болуын өз бойынан көрсетті. Мен Оразғали ағаны бәйгеде қамшы салдырмайтын тұлпарға немесе лыпып тұрған өткір кездікке теңер едім. Сахнада өзімен бірге партнерларын да босаңдыққа жібермей ширығып тұратын, көрермен жүрегіне шынайы қарапайымдылықпен жол тауып, залдағы партнерларымен тығыз байланыста болғандығына қызыға қарап, өнеге тұтып, үйрендік. Ағадан  үйренетін қасиет мол еді. Жылда көктем шыға театр труппасы 3-ке бөлініп, гастрольге шыққанда Орекең администратор болып бір бригаданы басқарып шығатын. Гастроль кезінде әртістердің жағдайын жасау, спектакльге көрермен жинап, жоспарды орындау мақсатында ағаның ұйымдастырушылық қабілеті өте күшті еді. Театр бойынша алғашқы орынды үнемі Оразғали ағаның бригадасы алушы еді. Таңертеңнен басталған тірлігі, түнгі сағат 2-3-ке дейін жалғасып, дастархан басындағы әні мен әзіл әңгімесімен аяқталатын еді. Сонда бір қабақ шытқанын көрмедік. Алғашқы гастрольде режиссердің келісімімен өзі ойнап жүрген М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» спектакліндегі Аяз рөліне мені ауыстырды, мүмкін үлкен сахнаға бейімделе берсін, еркіндікке  үйренсін дегені болар, өзі қадағалап, сын ескертпелерін әзіл-қалжыңмен айтушы еді.  Кейіннен мен Оразғали ағадан алған тәжірбиені ойға алып, сараптап администраторлық қызметіме  пайдаландым. Өмірдегі адамгершілігін, жастарға деген қамқорлығын айтуды міндеттіміз деп түсінемін. Алтын апа қызмет бабымен 1987 жылы Атырау театрына директорлыққа тағайындалып, Оразғали аға екеуі көшердің алдында үйлеріне дәмге шақырғанда, інісі мен келіні ретінде келіншегім Ерсін екеуміз де болдық. Сол күні Оразғали аға: «Айналайындар, пәтерсіз қиналып жүрсіңдер, еш қысылмай, ұлымыз Қанатпен бірге біздің үйде тұрыңдар», – деп орталықтағы төрт бөлмелі пәтердің кілтін берген еді. Алтын апа  екеуінің: «Тұқымың өскір», жүздерің жылы жандар екенсіңдер, екеуің бір-біріңді көздерінен ұғатын жақсы жанұя боласыңдар,» – деп, ыстық ықыласын  білдірген еді. «Аллаға шүкірлік» дейміз, сол сөздері рас болды. Оразғали ағаны еске алғанда өмірде де, өнерде де жарасқан сыңары Алтын апаның дара тұлғасы мен мейірімге толы күлкісі, зерделі көзқарасы, жарасымды жаратылысы көз алдымызға келеді. Алтын апа – М.Кәрімнің «Ай туылған түнінде» Таңқабике, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анасында» Толғанай, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Маржан, М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келінінде» Жанат және т.б. спектаклдердегі ішкі және сыртқы келбеттері бір-біріне ұқсамайтын, күрделі образдарды сомдаған талант иесі. Апамыз өзі мен образ арасындағы алшақтықты жеңіп, сол кейіпкердің өзі болып, партнерларымен ақ тер, көк тер болып айқасып, рахатқа бөленер еді. Гастрольдік сапарда М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» комедиясын екі ай ұдайы ойнағанда жалықпай, шаршамай күнде құлшына ойнауы таң қалдыратын. Жанат ененің келіні Афет екеуінің  айқасында берілмейді, күннен күнге күшіне күш қосылып жатқандай. Ал, Әли екеуінің көрінісінде балаша ойнап,  балалар ойынға қалай сенсе, сондай мәз, қосыла билеп кетеді... Өмірде екеуі де ақжарқын жандар, алты ұл-қыз өсірген өнегелі ата-ана! Соңындағы жастарға ақылшы ұстаз, қамқор, жомарт, ардақтап айтар абзал кісілер деп еске алып жүреміз. Құрақ Оразбаев Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері
27.02.2013 16:51 3556

Сонау 1972 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма  театрына бір топ жас буын арнаулы оқу орнын бітіріп келдік. Олар: Қ.Сатқанбаев, М.Бақытжанов, У.Әлжанов, М.Рахымжанова, Ш.Ақжолова, Қ.Оразбаев және тағы басқалар еді.   

Сол кезеңде театр негізін қалаушы аға буын Қазақстанның халық әртісі Ш.Сакиев, Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер: М.Табанов, Г.Батырғалиева, Жұмағұловтар, одан кейінгі ізбасарлары Қазақстанға еңбегі сіңген әртістер: М.Салықов, О.Әбділманов, А.Ружева, Ж.Шүленбаев, Г.Өскенбаева, Ә.Дүйсекенова сынды аға-апалар сахна төрінде өнердің үлкен жүгін көтеріп жүргенде, біз де жас буын болып, жүрегіміз лүпілдеп, өнер тарландарымен бірге қызмет жасап, сол кісілерден өнеге алғанымызға қуандық. Олар сахналық образды жасауда бағыт-бағдар берумен қатар, өмірде де үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті үйретті. Сонымен бірге халықтың «артист» деп сынай қарағанда, сол «артистің» әдептілігі өзгеден озық болуын бізден де талап етті, өздері де көрсете білді.

Өнер саңлақтарының әрқайсының жасаған образдары жадымызда,  өмірдегі ерекшеліктері есімізде. Ойласаң бейнелері көз алдымызға келе қалады.

Біз келгенде елу жасты еңсергелі тұрған аға-апаларымыз, қыз-жігіттердің рөлдерін жастықтың есесіне беріп, енді ел ағасы мен аналар образын жасап жүргенін көрдік.

Біз жас буын өнер тарландарынан образдың қыр-сырын ашу шеберліктері мен көрермен жүрегіне шынайы қарапайымдылықпен жол тауып, байланыста болғандығына қызыға қарап, өнеге тұтып, үйрендік.

Әрқашан өнерлі отбасы ретінде Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс О.Әбділманов пен Қазақстанның халық әртісі А.Ружева жасаған образдары ерекшеліктерімен есте қалды.

Оразғали ағаның М.Шолоховтың «Тынық Дон» спектакліндегі – Пантелей Прокофьевич, Ян Соловичтің «Түлен түрткен тіленші» спектакліндегі – Цицак, С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасындаңы  Балуан Шолақ рөлдерінде қайсысында болмасын  ішкі эмоциялық көңіл-күйі отты жанарының жарқылынан жек көргені, жақсы көргені, қамқорлығы көрініп тұрар еді. Бәйгедегі тұлпардай тыпыршып, өткір кездіктей лыпылдап,  сахнада босаңдыққа жібермей ширығып тұрар еді.

Оразғали ағаның «Бұйра қара шашы, қою қара қасы, мейірімді күлімдеген көзі, сұлу серілердей бейнесі» елестейді. «Ал, алтындарым», «Так-так», апайымызға «Алтынка» деген өзіне тән сөздері құлағыма келеді. Оразғали ағаның М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» спектаклінде Аяздың, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» Досымның рөлдерін ойнағанын өз көзіммен көріп, тамашаладым.

Образдардың сырт бейнесін асқан шеберлікпен ойнайтын – Пантелейде сылтып басып, бір көзін қысыңқырап, дауысын да ыңырына құбылтып салатын.

Досымның рөлінде ән айтқанына тәнті болдым.

         «Сен менің арманым, ақ құсымсы-ы-ң,

          Сен менің ардағым, бақ құсымсы-ы-ң!» – деп биікке көтерілгенде, іштей қосылған менің демім жетпей қалатын-ды.

Мен Орекеңнің актерлік шеберліктің қыр-сырын терең меңгергеніне, сан түрлі құбылған дауысының кеңдігіне қайран қалдым. Сол сәттен бастап дем, үн жаттығуларын игеру керектігін миыма түйдім.

Иә, Оразғали аға  сахналық образды жасауда бағыт-бағдар үйретумен қатар, өмірде де үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік және халықтың көз қырында «артист» деп сынай қарағанда да «әдеттілік» өзгеден озық болуын өз бойынан көрсетті.

Мен Оразғали ағаны бәйгеде қамшы салдырмайтын тұлпарға немесе лыпып тұрған өткір кездікке теңер едім. Сахнада өзімен бірге партнерларын да босаңдыққа жібермей ширығып тұратын, көрермен жүрегіне шынайы қарапайымдылықпен жол тауып, залдағы партнерларымен тығыз байланыста болғандығына қызыға қарап, өнеге тұтып, үйрендік. Ағадан  үйренетін қасиет мол еді.

Жылда көктем шыға театр труппасы 3-ке бөлініп, гастрольге шыққанда Орекең администратор болып бір бригаданы басқарып шығатын. Гастроль кезінде әртістердің жағдайын жасау, спектакльге көрермен жинап, жоспарды орындау мақсатында ағаның ұйымдастырушылық қабілеті өте күшті еді. Театр бойынша алғашқы орынды үнемі Оразғали ағаның бригадасы алушы еді.

Таңертеңнен басталған тірлігі, түнгі сағат 2-3-ке дейін жалғасып, дастархан басындағы әні мен әзіл әңгімесімен аяқталатын еді. Сонда бір қабақ шытқанын көрмедік.

Алғашқы гастрольде режиссердің келісімімен өзі ойнап жүрген М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» спектакліндегі Аяз рөліне мені ауыстырды, мүмкін үлкен сахнаға бейімделе берсін, еркіндікке  үйренсін дегені болар, өзі қадағалап, сын ескертпелерін әзіл-қалжыңмен айтушы еді.  Кейіннен мен Оразғали ағадан алған тәжірбиені ойға алып, сараптап администраторлық қызметіме  пайдаландым.

Өмірдегі адамгершілігін, жастарға деген қамқорлығын айтуды міндеттіміз деп түсінемін. Алтын апа қызмет бабымен 1987 жылы Атырау театрына директорлыққа тағайындалып, Оразғали аға екеуі көшердің алдында үйлеріне дәмге шақырғанда, інісі мен келіні ретінде келіншегім Ерсін екеуміз де болдық. Сол күні Оразғали аға: «Айналайындар, пәтерсіз қиналып жүрсіңдер, еш қысылмай, ұлымыз Қанатпен бірге біздің үйде тұрыңдар», – деп орталықтағы төрт бөлмелі пәтердің кілтін берген еді. Алтын апа  екеуінің: «Тұқымың өскір», жүздерің жылы жандар екенсіңдер, екеуің бір-біріңді көздерінен ұғатын жақсы жанұя боласыңдар,» – деп, ыстық ықыласын  білдірген еді. «Аллаға шүкірлік» дейміз, сол сөздері рас болды.

Оразғали ағаны еске алғанда өмірде де, өнерде де жарасқан сыңары Алтын апаның дара тұлғасы мен мейірімге толы күлкісі, зерделі көзқарасы, жарасымды жаратылысы көз алдымызға келеді.

Алтын апа – М.Кәрімнің «Ай туылған түнінде» Таңқабике, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-анасында» Толғанай, М.Әуезовтің «Қаракөзінде» Маржан, М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келінінде» Жанат және т.б. спектаклдердегі ішкі және сыртқы келбеттері бір-біріне ұқсамайтын, күрделі образдарды сомдаған талант иесі.

Апамыз өзі мен образ арасындағы алшақтықты жеңіп, сол кейіпкердің өзі болып, партнерларымен ақ тер, көк тер болып айқасып, рахатқа бөленер еді. Гастрольдік сапарда М.Шамхаловтың «Қайын ене мен келін» комедиясын екі ай ұдайы ойнағанда жалықпай, шаршамай күнде құлшына ойнауы таң қалдыратын. Жанат ененің келіні Афет екеуінің  айқасында берілмейді, күннен күнге күшіне күш қосылып жатқандай. Ал, Әли екеуінің көрінісінде балаша ойнап,  балалар ойынға қалай сенсе, сондай мәз, қосыла билеп кетеді...

Өмірде екеуі де ақжарқын жандар, алты ұл-қыз өсірген өнегелі ата-ана! Соңындағы жастарға ақылшы ұстаз, қамқор, жомарт, ардақтап айтар абзал кісілер деп еске алып жүреміз.

Құрақ Оразбаев
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға