Алматыда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, академик К.Сағадиевтің 75 жылдығына орай мақалалар мен сұхбаттар, ғылыми айналымға алғаш енгізілген мұрағат құжаттары, фотосуреттер, сондай-ақ замандастарының, достарының лебіздері топтастырылған «Кенжеғали Сағадиев» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
«Білімнің қара шаңырағы ҚазҰУ-да еліміздің білім-ғылым саласын дамытуға зор үлес қосқан халқымыздың біртуар азаматы Кенжеғали Әбенұлының өмір жолы, ғылыми мұрасы өскелең ұрпаққа өнеге болар деген ниетпен осы кітапты университетімізден ұсынып, жастармен кездестіріп отырмыз. Жастарға тәрбие беру жолында осы «Өнегелі өмір» жобасын қолға алдық», – деді ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанұлы. ҚазҰУ-дың үздік студенттері, К.Сағадиев атындағы шәкіртақы иегерлері ізгі тілектерін, бұл кітапта білімді тек өз пайдаңа емес, ел дамуына жұмсау керектігі айтылғандығын, экономика саласын зерттеуші жас ғалымдарға да берері мол басылым екенін айта кетті. Тұсаукесерге арнайы К.Сағадиевтің шығармашылығынан кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент, магистранттар қатысты.
Алматыда «Кенжеғали Сағадиев» кітабының тұсаукесері өтті
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды