Жаңалықтар

Ел астанасы - АСТАНА!

1997  ж. 20 қазанда тәуелсіз Қазакстанның өмірінен жаңа бір маңызды тарихи оқиға орын алды: Мемлекет басшысының Жарлығымен ел астанасы Ақмола қаласы болып белгіленді. 1997 ж. 8 қарашада астанаға мемлекеттік билік атрибуттары – Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді. Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Н.Ә. Назарбаев: «Бүгін біз, Қазақстан Республикасы билігінің жоғарғы органдары, салтанатты түрде мәлімдейміз, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола біздің мемлекетіміздің астанасы болды», - деп атап өтті. Астана 1000 шақырымға солтүстікке қарай көшірілді. 1998  ж. 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1999 ж. ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді және медаль табысталды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 319 мың тұрғыны бар қала Қазақстанның жаңа астанасы болды. 1997 жылы қаланың көлемі 25,8 шаршы км-ді құрады. Жаңа – 1998 жылды республика жаңа астанамен қарсы алды. Бұл жаңа ғасырдың ауқымы және мерзімі бойынша бұрын-соңды болып көрмеген алып жобасы еді. Екі жылға жетпей әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған 3200 жаңа пәтер жедел түрде салынды. Қалаға мемлекеттік аппарат қызметкерлері, архитекторлар, құрылысшылар, елдің барлық аймақтарынан көптеген сұранысқа ие салаларының мамандары көшіп келді. 1995 ж. «Жаңа астана» арнайы қоры құрылды. Ол жаңа астананың салынуын, тұрғын үй және Үкімет ғимараттарының құрылыстарын қаржыландыруы керек болатын. 1996 ж. қосымша қаражаттарды тарту мақсатымен мемлекет басшысы қалада Арнайы экономикалық аймақ құрды. Жиналған қаражаттың елеулі бөлігі қаланың құрылысына жұмсалды. Оның үстіне, Ел басшысы шетелдік инвесторлардан пайызсыз несие алды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 200 млн доллар көлемінде қайтарымсыз инвестиция алуға қол жеткізді. Жаңа астанаға Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар мен АҚШ секілді елдерден көмек көрсетілді. Президентіміздің беделінің арқасында шет мемлекеттер мен жеке фирмалар астананың кұрылысына қажетті қаржы құя бастады. Бұны Н.Ә. Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай суреттейді: «Ел ордасының Астанаға көшкен бірінші жылында ел Президентінің бастамасымен астананың эскиз-идеясына халықаралық байқау жарияланды. Мемлекет басшысының үндеуіне әлемнің көрнекті архитекторлары үн қатты. Қатаң байқау мен таңдау барысында әлемге танымал жапон архитекторы Кисе Курокава жеңімпаз деп танылды». Оның құнды ұсыныстарының негізінде 2030 жылға дейінгі қала дамуының бас жоспары әзірленді. Қазақстан мен Жапония архитекторларынан басқа астананың болашақ архитектуралық келбетінің әзірлемесіне Германия, Англия, Швейцария, шығыс елдері және басқа мемлекеттердің мамандары қатысты. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 11:25 6806

1997  ж. 20 қазанда тәуелсіз Қазакстанның өмірінен жаңа бір маңызды тарихи оқиға орын алды: Мемлекет басшысының Жарлығымен ел астанасы Ақмола қаласы болып белгіленді. 1997 ж. 8 қарашада астанаға мемлекеттік билік атрибуттары – Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді. Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Н.Ә. Назарбаев: «Бүгін біз, Қазақстан Республикасы билігінің жоғарғы органдары, салтанатты түрде мәлімдейміз, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола біздің мемлекетіміздің астанасы болды», - деп атап өтті.

Астана 1000 шақырымға солтүстікке қарай көшірілді.

1998  ж. 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1999 ж. ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді және медаль табысталды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 319 мың тұрғыны бар қала Қазақстанның жаңа астанасы болды. 1997 жылы қаланың көлемі 25,8 шаршы км-ді құрады. Жаңа – 1998 жылды республика жаңа астанамен қарсы алды. Бұл жаңа ғасырдың ауқымы және мерзімі бойынша бұрын-соңды болып көрмеген алып жобасы еді. Екі жылға жетпей әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған 3200 жаңа пәтер жедел түрде салынды. Қалаға мемлекеттік аппарат қызметкерлері, архитекторлар, құрылысшылар, елдің барлық аймақтарынан көптеген сұранысқа ие салаларының мамандары көшіп келді.

1995 ж. «Жаңа астана» арнайы қоры құрылды. Ол жаңа астананың салынуын, тұрғын үй және Үкімет ғимараттарының құрылыстарын қаржыландыруы керек болатын. 1996 ж. қосымша қаражаттарды тарту мақсатымен мемлекет басшысы қалада Арнайы экономикалық аймақ құрды. Жиналған қаражаттың елеулі бөлігі қаланың құрылысына жұмсалды. Оның үстіне, Ел басшысы шетелдік инвесторлардан пайызсыз несие алды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 200 млн доллар көлемінде қайтарымсыз инвестиция алуға қол жеткізді. Жаңа астанаға Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар мен АҚШ секілді елдерден көмек көрсетілді.

Президентіміздің беделінің арқасында шет мемлекеттер мен жеке фирмалар астананың кұрылысына қажетті қаржы құя бастады. Бұны Н.Ә. Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай суреттейді:

«Ел ордасының Астанаға көшкен бірінші жылында ел Президентінің бастамасымен астананың эскиз-идеясына халықаралық байқау жарияланды.

Мемлекет басшысының үндеуіне әлемнің көрнекті архитекторлары үн қатты. Қатаң байқау мен таңдау барысында әлемге танымал жапон архитекторы Кисе Курокава жеңімпаз деп танылды».

Оның құнды ұсыныстарының негізінде 2030 жылға дейінгі қала дамуының бас жоспары әзірленді. Қазақстан мен Жапония архитекторларынан басқа астананың болашақ архитектуралық келбетінің әзірлемесіне Германия, Англия, Швейцария, шығыс елдері және басқа мемлекеттердің мамандары қатысты.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға