Жаңалықтар

Есенжанов Хамза

Жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967) Есенжанов Хамза Ихсанұлы 1908 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928), Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933), 1934-1936 жылдары Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1934-36), КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936-37) қызметтерін атқарған. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді. ХХ ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке – күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады. Жазушының басты шығармасы – «Ақ Жайық» трилогиясы (1-кітап – 1957; 2-кітап – 1959; 3-кітап – 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихи тұлғалардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Х.Есенжанов өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-және 4-кітаптарын, И.С.Тургеневтің «Рудин», И.П.Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен  қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. 1967 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды.
27.02.2013 11:14 4839

Жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967) Есенжанов Хамза Ихсанұлы 1908 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928), Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933), 1934-1936 жылдары Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1934-36), КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936-37) қызметтерін атқарған.
1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.
ХХ ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке – күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды.
1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады.
Жазушының басты шығармасы – «Ақ Жайық» трилогиясы (1-кітап – 1957; 2-кітап – 1959; 3-кітап – 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихи тұлғалардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді.
1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті.
Х.Есенжанов өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-және 4-кітаптарын, И.С.Тургеневтің «Рудин», И.П.Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен  қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды.
1967 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға