Жаңалықтар

ХХ ғасырдың басы

Қалада жоғары бастауыш училищесі, қоғамдық кітапхана және басқа да мекемелер біртіндеп ашыла бастады. Қаланың белгілі адамдары мен беделді азаматтарының басын құраған Ақмола клубы шаңырақ көтерді. Клуб мүшелері қатарында мұнда қалалық сословие өкілдері түгелге дерлік, соның ішінде, қазақтар да бар еді. Клубтың өз жарғысы жасалды. Оның негізгі қызметі қалада тәртіпті қадағалауға бағытталып, мүшелік жарна есебінен қаржыландырылды. 20 ғасырдың басында Ақмолада дәріхана, екі шіркеу, мешіт, қалалық үш сыныптык училище, әйелдер гимназиясы, екі бастауыш мектеп жұмыс істеді. Қала тұрғындарының арасында Пушкин атындағы қалалық қоғамдык кітапхана үлкен беделге ие болды. 1909 ж. оның қорын негізінен, көркем әдебиеттен тұратын 1205 кітап құрады. Ақмоланың іргесінде тәжірибелік егіс даласы мен бағы бар төменгі ауыл шаруашылық мектебі орналасты. Кей көшелер білтелі шаммен жарыктандырылды. Ақмола Қазақстанның ірі мәдени орталығы бола бастады. 1897 ж. Ресейде империя халкының Бірінші жаппай санағы жүргізілді. Осы санаққа сәйкес қала халқының саны 9 707 адамды құрады. Олардың ішінде ерлер – 5105, әйелдер – 4 602. Қала тұрғындары үш ірі этникалык топ: қазақ, орыс, украиндардан құрылды. Қалада 3020 қазақ (қала халқының 31,1%-ы), 4612 орыс, үшінші орында саны бойынша татар диаспорасы – 1035 адам, содан кейін басқа халықтардың өкілдері мордва (223 адам), немістер (205 адам), еврейлер (173 адам), украиндар (101 адам), барлығы 18 халықтың өкілдері тұрды. Шағын топ өкілдеріне поляктар – 11, эстондар - 16, белорустар - 8, парсылар (ирандар) — 10, башкұрт, чуваш, сыған, т.б. жатты. Аймаққа шаруалар ағынының күшеюіне байланысты қала халқының саны да бірнеше мәрте өсті. Ол 1906 жылғы Столыпин аграрлық реформасының басталуымен тікелей байланысты еді. 1912 ж. қалалықтардың саны 14 765, ал 1915 ж. 18 540 адамға жетті. Олар негізінен казактар, мещандар, шаруалар мен қазақтар еді. Қала тұрғындарының біразы көпестер болды. Жер шаруашылығымен қалаға іргелес өңірде тұратын шаруалар айналысты. Ақмоланың Петропавл-Ташкент-Қашқар керуен жолының бойында орналасуы сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды. Әсіресе 19 ғасырда жылдық айналымы 4 млн рубльге жеткен Константин жәрмеңкесінде сауда-саттық аукымды болатын. Алайда 1899 ж. оның айналымы 1,3 млн рубльге азайды. Сауданың төмендеуі көршілес қалалар мен ірі шаруа қоныстарында тұракты сауда-саттық дүкендерінің жұмыс істей бастауымен байланысты еді. Ақмола тауарларды Ақмола, Атбасар мен Қарқаралы уездеріне жеткізді. Қала маңында жүзден астам жел, су және механикалык диірмендер жұмыс істеді. Диірмендердің көптігі қала халқының, сондай-ақ калаға іргелес қазақ қоныстарының нанға деген сұранысына орайластырылды. Оның үстіне, қала арқылы өтетін керуендер де ұн сату саудасын қыздырды. 1911 ж. Ақмолада -165, ал 1914 ж. 284 сауда кәсіпорындары жұмыс істеді. Революцияға дейінгі Ақмоладағы сауда көрігінің қызуына Кубриндер отбасы елеулі ықпал етті. Бұл сауда династиясының негізін қалаған Константин Кубрин карапайым казактан шыққан болатын. Ол іскерлігі және аса еңбекқорлығымен көзге түсті. Бұл қасиетті ол балаларына да сіңіріп үлгерді. Кубриннің ұлдары Андриан мен Матвей кейін белгілі көпестерге айналды. Мысалға, Андриан Кубрин мал және шарап сатумен байыды. Ол калада сыра, бал қайнату зауытын салды және округке танымал «Андриан Кубрин және оның үлдары» сауда үйінің негізін қалады. «Кубрин дүкені» 1905-1907 жылдары салынған болатын. Кеңестік билік жылдарында ол жерде Орталық қалалық кітапхана мен Орталық баспа, кейіннен уездік экономикалық бөлім орналасты. Уақыт өте бұл жерде түрлі сауда ұйымдары, сонымен бірге қаланың орталық әмбебап дүкені жұмыс істеді. Кенесары көшесіндегі «Астана» дүкені сол Кубриндер заманынан келе жатқан ескінің көзі болып табылады. Ғимарат бір жарым қабатты, жертөле орны бар флигельден тұрды. Жерасты жолы флигельді дүкенмен және баска шаруашылық орындарымен жалғастырады. Қалада көпес жүктерін тасымалдау бойынша көлік конторларының бөлімшелері - «Гергард пен Гай» акционерлік қоғамы, «Ағайынды Ф. және Г. Каменскийлер» серіктестігі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық машиналары мен еңбек кұралдарын сатумен Келімсектер басқармасының қоймасы, егін ору машиналарының халықаралық компаниясының бөлімшесі «Столь В.Г. және К» серіктестігі және басқалары айналысты. Қалада сауда қарқын алып, артық тауарды өткізу көзінің жетіспеуі, қала мен уезд тұрғындарының астыққа тәуелділігі Ақмола көпестерін орталык билікке темір жол салу туралы өтініш жазуға итермеледі. Сонымен 1909-1910 ж. Санкт-Петербургте Батыс Сібір мен Далалық өлке өкілдерінің съезінде үкіметке темір жол тармағы құрылысының қажеттілігі туралы мәлімдеме жасалды. Ақмолаға қатысты мәселені көпестер С.А. Кубрин мен К.О. Курбатов ұсынды. Бірақ бұл мәселе қаржының жетіспеуіне байланысты ұзақ уақыт бойы шешілмеді. 1917 ж. ғана Ор-Ақмола-Семей темір жолының құрылысы басталды. Алайда бір жылдан соң, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Тек 1929 ж. ғана жол құрылысын салудың жаңа бағыты анықталды. Ол Ақмола мен Қарқаралы арқылы өтетін Түркістан-Сібір темір жолына бағытталған Шортанды бекетінен басталды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 10:38 4698

Қалада жоғары бастауыш училищесі, қоғамдық кітапхана және басқа да мекемелер біртіндеп ашыла бастады. Қаланың белгілі адамдары мен беделді азаматтарының басын құраған Ақмола клубы шаңырақ көтерді. Клуб мүшелері қатарында мұнда қалалық сословие өкілдері түгелге дерлік, соның ішінде, қазақтар да бар еді. Клубтың өз жарғысы жасалды. Оның негізгі қызметі қалада тәртіпті қадағалауға бағытталып, мүшелік жарна есебінен қаржыландырылды. 20 ғасырдың басында Ақмолада дәріхана, екі шіркеу, мешіт, қалалық үш сыныптык училище, әйелдер гимназиясы, екі бастауыш мектеп жұмыс істеді. Қала тұрғындарының арасында Пушкин атындағы қалалық қоғамдык кітапхана үлкен беделге ие болды. 1909 ж. оның қорын негізінен, көркем әдебиеттен тұратын 1205 кітап құрады. Ақмоланың іргесінде тәжірибелік егіс даласы мен бағы бар төменгі ауыл шаруашылық мектебі орналасты. Кей көшелер білтелі шаммен жарыктандырылды.

Ақмола Қазақстанның ірі мәдени орталығы бола бастады. 1897 ж. Ресейде империя халкының Бірінші жаппай санағы жүргізілді. Осы санаққа сәйкес қала халқының саны 9 707 адамды құрады. Олардың ішінде ерлер – 5105, әйелдер – 4 602. Қала тұрғындары үш ірі этникалык топ: қазақ, орыс, украиндардан құрылды. Қалада 3020 қазақ (қала халқының 31,1%-ы), 4612 орыс, үшінші орында саны бойынша татар диаспорасы – 1035 адам, содан кейін басқа халықтардың өкілдері мордва (223 адам), немістер (205 адам), еврейлер (173 адам), украиндар (101 адам), барлығы 18 халықтың өкілдері тұрды. Шағын топ өкілдеріне поляктар – 11, эстондар - 16, белорустар - 8, парсылар (ирандар) — 10, башкұрт, чуваш, сыған, т.б. жатты.

Аймаққа шаруалар ағынының күшеюіне байланысты қала халқының саны да бірнеше мәрте өсті. Ол 1906 жылғы Столыпин аграрлық реформасының басталуымен тікелей байланысты еді. 1912 ж. қалалықтардың саны 14 765, ал 1915 ж. 18 540 адамға жетті. Олар негізінен казактар, мещандар, шаруалар мен қазақтар еді. Қала тұрғындарының біразы көпестер болды. Жер шаруашылығымен қалаға іргелес өңірде тұратын шаруалар айналысты. Ақмоланың Петропавл-Ташкент-Қашқар керуен жолының бойында орналасуы сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды. Әсіресе 19 ғасырда жылдық айналымы 4 млн рубльге жеткен Константин жәрмеңкесінде сауда-саттық аукымды болатын. Алайда 1899 ж. оның айналымы 1,3 млн рубльге азайды. Сауданың төмендеуі көршілес қалалар мен ірі шаруа қоныстарында тұракты сауда-саттық дүкендерінің жұмыс істей бастауымен байланысты еді. Ақмола тауарларды Ақмола, Атбасар мен Қарқаралы уездеріне жеткізді. Қала маңында жүзден астам жел, су және механикалык диірмендер жұмыс істеді. Диірмендердің көптігі қала халқының, сондай-ақ калаға іргелес қазақ қоныстарының нанға деген сұранысына орайластырылды. Оның үстіне, қала арқылы өтетін керуендер де ұн сату саудасын қыздырды. 1911 ж. Ақмолада -165, ал 1914 ж. 284 сауда кәсіпорындары жұмыс істеді. Революцияға дейінгі Ақмоладағы сауда көрігінің қызуына Кубриндер отбасы елеулі ықпал етті. Бұл сауда династиясының негізін қалаған Константин Кубрин карапайым казактан шыққан болатын. Ол іскерлігі және аса еңбекқорлығымен көзге түсті. Бұл қасиетті ол балаларына да сіңіріп үлгерді. Кубриннің ұлдары Андриан мен Матвей кейін белгілі көпестерге айналды. Мысалға, Андриан Кубрин мал және шарап сатумен байыды. Ол калада сыра, бал қайнату зауытын салды және округке танымал «Андриан Кубрин және оның үлдары» сауда үйінің негізін қалады. «Кубрин дүкені» 1905-1907 жылдары салынған болатын. Кеңестік билік жылдарында ол жерде Орталық қалалық кітапхана мен Орталық баспа, кейіннен уездік экономикалық бөлім орналасты. Уақыт өте бұл жерде түрлі сауда ұйымдары, сонымен бірге қаланың орталық әмбебап дүкені жұмыс істеді. Кенесары көшесіндегі «Астана» дүкені сол Кубриндер заманынан келе жатқан ескінің көзі болып табылады. Ғимарат бір жарым қабатты, жертөле орны бар флигельден тұрды. Жерасты жолы флигельді дүкенмен және баска шаруашылық орындарымен жалғастырады.

Қалада көпес жүктерін тасымалдау бойынша көлік конторларының бөлімшелері - «Гергард пен Гай» акционерлік қоғамы, «Ағайынды Ф. және Г. Каменскийлер» серіктестігі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық машиналары мен еңбек кұралдарын сатумен Келімсектер басқармасының қоймасы, егін ору машиналарының халықаралық компаниясының бөлімшесі «Столь В.Г. және К» серіктестігі және басқалары айналысты.

Қалада сауда қарқын алып, артық тауарды өткізу көзінің жетіспеуі, қала мен уезд тұрғындарының астыққа тәуелділігі Ақмола көпестерін орталык билікке темір жол салу туралы өтініш жазуға итермеледі. Сонымен 1909-1910 ж. Санкт-Петербургте Батыс Сібір мен Далалық өлке өкілдерінің съезінде үкіметке темір жол тармағы құрылысының қажеттілігі туралы мәлімдеме жасалды. Ақмолаға қатысты мәселені көпестер С.А. Кубрин мен К.О. Курбатов ұсынды. Бірақ бұл мәселе қаржының жетіспеуіне байланысты ұзақ уақыт бойы шешілмеді. 1917 ж. ғана Ор-Ақмола-Семей темір жолының құрылысы басталды. Алайда бір жылдан соң, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Тек 1929 ж. ғана жол құрылысын салудың жаңа бағыты анықталды. Ол Ақмола мен Қарқаралы арқылы өтетін Түркістан-Сібір темір жолына бағытталған Шортанды бекетінен басталды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға