Жаңалықтар

Черногорияда жарылыс болды

Оқиға Бас сот ғимаратында орын алған
Черногорияда жарылыс болды
Фото: iz.ru 03.03.2023 23:22 775

Черногория астанасы Подгорица қаласында сот ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Белгісіз біреу Бас сот ғимаратына кіреберіс жерде жарылғыш затты іске қосқан. Сол сәтте ғимаратта көп адам болғаны айтылуда.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, жарылғыш зат граната болуы мүмкін.

Жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шеккен. Көз жұмған адам қылмыскердің өзі екендігіне болжам жасалды.

Оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға