Жаңалықтар

Чемпиондар лигасының финалын көру үшін қанша қаражат керек

Чемпиондар лигасының финалын көру үшін қанша қаражат керек
Фото: UEFA.com 24.04.2023 21:07 852

УЕФА-ның ресми сайты Ыстамбұлда өтетін Чемпиондар лигасының финалына билеттерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЧЛ финалдық кездесуі 10 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік олимпиадалық стадионында өтеді, ал билеттер құны санатына қарай 70-тен 690 еуроға дейін (35 мыңнан 347 мың теңгеге дейін).

Финалда алаңнан көргісі келетін қазақстандықтарға кемінде 250 мың теңге қажет: ойынға билет үшін 35 мың және Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша (9-11 маусымда барып-келу үшін) ұшақ билетіне тағы кемінде 160 мың теңгеге жуық қаражат қажет.

Ыстамбұлдағы екі түн бір адамға 30-40 мың теңгені құрауы мүмкін. Қалған шығынды қалтаңызға қарап көресіз.

Стадион 75 мыңға жуық адам оңай сыйдырады.

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчтары мамыр айында өтеді: алғашқы кездесулер 9 және 10 мамырға, ал жауап ойындар 16 және 17 мамырға жоспарланған.

Финал жолдамасын мадридтік «Реал» мен ағылшынның «Манчестер Сити» клубы, сондай-ақ итальялық «Милан» мен «Интер» клубтары сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға