«Челси» назар аударған Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты

Фото: "Қайрат" фк парақшасынан

17 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаев мектеп бітірді. Сонымен қатар ол қазақстандық жоғары оқу орнының арнайы академиялық грантына ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қай университетке грант алды?

Дастан Сәтпаев үшін биылғы жыл ерекше оқиғаларға толы болды. Жас шабуылшы мектеп бітіру кешінің басты кейіпкерлерінің біріне айналып қана қоймай, енді Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алуға арналған арнайы академиялық грант иегері атанды.

Грантты Қазақстан спорт және туризм академиясы президенті Қайрат Закирьянов табыстап, спорт пен білімді қатар алып жүрудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, кәсіби спортшы үшін алаңдағы нәтиже ғана емес, сапалы білім де маңызды.

«Челси» клубына жол ашық

Соңғы уақытта Сәтпаевтың есімі қазақстандық футбол жанкүйерлері арасында жиі айтылып жүр. Бұған оның алаңдағы ойыны ғана емес, халықаралық клубтардың назарын аударуы да себеп. Бұған дейін жас футболшыға ағылшынның әйгілі «Челси» клубы қызығушылық танытқаны хабарланған еді. Бұл жаңалықты жанкүйерлер Қазақстан футболы үшін маңызды қадам ретінде қабылдады.

Дегенмен әзірге футболшының Лондонға кетуі аясында академиялық грантты қалай пайдаланатыны белгісіз. Соған қарамастан, спорт мамандары оның білімнен қол үзбей, кәсіби мансаппен қатар дамытуына мүмкіндік бар екенін айтады.

Жас шабуылшы туралы пікір білдіргендердің қатарында «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы әрі Қазақстан жастар құрамасының экс-футболшысы Айдар Арғымбаев та бар. Ол Дастан Сәтпаевты Қазақстан футболы тарихындағы ең үздік жас шабуылшылардың бірі деп бағалады. Бұл пікір спорт қауымдастығында қызу талқыланып, жанкүйерлер арасында түрлі көзқарас тудырды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары жас футболшыға ақ жол тілеп, оның халықаралық деңгейде табысқа жететініне сенім білдіруде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

 

Оқи отырыңыз