"Челси" Дастан Сәтпаевты «Бернлиге» жалға берді

"Челси" Дастан Сәтпаевты «Бернлиге» жалға берді
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев 2026/2027 жылғы маусымды ағылшынның «Бернли» клубында жалға өткізіп, кейін «Челсиге» қайта оралады. Бұл туралы "Челси" клубы ресми түрде хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы. 

18 жастағы шабуылшының жалға алу келісімінде ойыншыны сатып алу құқығы қарастырылмаған. Сондықтан Сәтпаев маусым аяқталған соң, 2027 жылдың маусымында Лондон клубына қайта оралады.

Сәтпаев үшін «Челсидегі» алғашқы айлар есте қаларлықтай өтті. Ол шілде айында лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Аустралиядағы жолдастық кездесуде «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойынның 7-минутында қазақстандық шабуылшы есеп ашып, «Челси» сапындағы голдарының есебін бастады. Кездесу 6:4 есебімен ағылшын командасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, Сәтпаев «Челси» тарихында гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Бұған қоса, бұл қазақстандық шабуылшының клубтың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо тұсындағы алғашқы голы болды. Испаниялық маман Сәтпаевтың жылдамдығы мен физикалық дайындығын жоғары бағалаған.

Сәтпаев «Челсиге» биыл жазда қосылды. Бұған дейін ол Алматының «Қайрат» клубында өнер көрсетіп, ұлттық чемпионатта 63 матчта 27 гол соққан. Ал Қазақстан құрамасы сапында тоғыз ойын өткізіп, бір рет мергендік танытқан.

Енді жас шабуылшы мансабындағы жаңа кезеңді «Бернли» сапында өткізеді. Клуб өткен маусымда Англия Премьер-лигасында 19-орын алып, Чемпионшипке түсіп қалған еді.

Transfermarkt дерегінше, Дастан Сәтпаевтың қазіргі нарықтағы бағасы 3,5 миллион еуроны құрап отыр. 

Оқи отырыңыз