Жаңалықтар

Былтыр қазақстандық параспортшылар 187 медаль жеңіп алды

Олар халықаралық турнирлерде топ жарған
Былтыр қазақстандық параспортшылар 187 медаль жеңіп алды
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі 23.02.2023 03:40 724

Былтыр халықаралық жарыстарда қазақстандық параспортшылар 62 «алтын», 63 «күміс» және 62 «қола» медальдердің жалпы 187-ін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальдарды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), жүзгіштер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) әкелді. Біздің пара дзюдошыларымыз (20 медаль, 6 алтын) бен пара таэквондошыларымыз да ерекше көзге түсті (16 медаль, 2 алтын).

Отандық параспортшылардың халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), пара шаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), пара үстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), пара садақ ату (2 медаль, 1 алтын) және пара каратэ (1 алтын жүлде).

Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді, ал спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстардың тұғырына үнемі көтеріледі. Әрине, біз мұнымен тоқтамаймыз. Керісінше, параспортқа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе, Париждегі Паралимпиада қарсаңында дайындықты күшейту керекпіз, - деді вице-министр Сәрсен Құранбек.

Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Олар жылдың ең ірі турнирлеріне тап келіп, белсенді қатысты. Қараша айында IWAS Дүниежүзілік ойындары өтті – бұл арбада отырғандар мен ампутанттар халықаралық спорт федерациясы екі жылда бір рет  өткізетін жарыс. Оларда Қазақстан 42 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 17 күміс және 14 қола.

Маусым айында пауэрлифтингтен Азия мен Океания ашық чемпионаты өтті, онда біздің спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлдеге иеленді. Ал қазан айы осы спорт түрінен өткен әлем чемпионатымен есте қалды. Бұл турнирде Қазақстан қоржынына 10 медаль түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға