Жаңалықтар

Былтыр Қазақстандағы студенттердің шәкіртақысы едәуір өсті

Былтыр Қазақстандағы студенттердің шәкіртақысы едәуір өсті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.02.2024 16:19 306

Еліміздегі 2023 жылдың қорытындысы бойынша студенттердің стипендия мөлшері бакалавриатта 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік тапсырыстың көлемі жыл сайын артып келеді. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 160 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 230 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін көтерілді, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, 2021 жылдан бастап 27 мың орындық 126 жатақхана пайдалануға берілген. Оның ішінде 2023 жылғы 10 мың орындық 43 жатақхана бар.

Алғаш рет 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ата-анасынан айырылған студенттерге, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерге жатақханада тұру құны 29 айлық есептік көрсеткіш немесе 100 мың елу теңге көлемінде өтемақы төленуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға