Жаңалықтар

"Былтыр Ердоғанның әйеліне, биыл Akon-ға". Динара Сәтжан тағы сынға қалды

"Былтыр Ердоғанның әйеліне, биыл Akon-ға". Динара Сәтжан тағы сынға қалды
Фото: Видеодан кадр 20.12.2023 17:27 18949

Әлемге әйгілі әнші Akon Астана қаласында жеке концертін өткізіп, Динара Сәтжанның авторлық бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Динара Сәтжан Akon-ға бағдарлама соңында оған шапан жапты.

Салт-дәстүрді бұзбай әлемдік өнер жұлдызына шапан жаптық. Отандық өнімді сыйлағанды жөн көрдік. Сыйлықтың ұнағаны сонша, концертіне киіп шығатын болды. Сонымен қатар жалғыз Akon-ға ғана емес, оның командасындағы жігіттерге де шапан кигіздік. Сұхбатқа келісіп берген ұйымдастырушыларға рақмет, – деп жазды журналист Instagram парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Былтыр Динара Сәтжан Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоғанға да сыйлығын тарту еткен еді.

Эмине ханымға арнайы қазақи нақыштағы әшекей сыйладым. Бүгін маған Эмине ханым қоңырау шалып, сыйлық дайындап қойғанын айтты. Бірақ сыйлығымды әлі алмадым, - деді Динара Сәтжан.

Алайда, Динара Сәтжанның бұл әрекетін жұрт сынға алған еді. 

“Біздің қазақ жағымпазданудан алдына жан салмайды. Өзіміздің қаншама жігіттеріміз бар ел алдына шығарып, шапан жабатын. Оларды ешкім елеп жатқан жоқ”, десе енді бірі шапан жабу рәсімі қай кезде орындалатынын түсіндірді.

Оңды-солды ұлттық шапанды таратуды қашан қоямыз осы?! Қазақ жағалы киімді сыйлы үлкен жасты қонағының иығына жапқан, рас дәстүр бар, бірақ сырттан келген шетелдіктер біздің ұлттық киімді не істейді?! Сол ұлттық киімді сахнаға шығуға, немесе шетелге қазақ ұлттық мәдениетін дәріптеуге гастрольге барғалы жатқан өнерпаздарға сыйлайықшы. Бұл жерде Динараға жеке айтылған сын емес, жалпы осы қазақи шапанды қазақ емес қонаққа жабуды доғарайық деген ұсыныс. Әйтпесе француз президенті Франсуа Олландқа сыйлаған құндыз жағалы шапанның пакетке оралып қараңғы шкафта ілініп тұрған фотосын көргем. Француздың  белгілі актері Вэнсан Кассельге біздің белгілі дизайнеріміз арнайы тіккен шапаны да Вэнсанда емес қазір… оны анық білемін. Сәл ойланайықшы, қонақжайлық көрсетудің де түрі бар, – дейді желі қолданушысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға