Жаңалықтар

Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелген

Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелген
Фото: © Pixabay.com 12.02.2024 10:45 413

Былтыр жалпы ауданы 116,8 мың гектарды құрайтын 810 орман өрті тіркелген, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 мың гектар, оның ішінде орманмен көмкерілген 13,7 мың гектар.

Ел аумағының ормандылығы 5% пайызды құрайды. 2023 жылы жалпы ауданы 116,8 мың гектарды құрайтын 810 орман өрті тіркелді, оның ішінде орманмен көмкерілген алаңы 61,1 мың гектар. Найзағай разрядтарынан – 498, ауыл шаруашылығы жерлерінен өтіп кеткен - 87; жеке және заңды тұлғалардың кінәсінен 30 орман өрттері тіркелді. Анықталмаған себептерден 200 оқиға тіркелген, - деді Үкімет сағатында эколгия және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға