Жаңалықтар

Былтыр елде 412 мың нәресте дүниеге келді

Соңғы 5 жылда бала туу көрсеткіші өскен
Былтыр елде 412 мың нәресте дүниеге келді
Фото: jasqazaq.kz 25.01.2023 05:09 819

2022 жылы ел аумағында 412 мың нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылдың ішінде елде бала туудың өсуі байқалды. Ол 2021 жылы 446 мың бала дүниеге келген кезде ең жоғары деңгейге жетті. Былтыр 412 мың нәресте дүние есігін ашты. Неонаталдық хирургияның дамуымен және осы технологиялардың өңірлерге ауысуымен туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 86%-ды құрады. Қазақстан Орталық Азияда туғаннан бастап кардиохирургиялық операциялар жүргізілетін жалғыз мемлекет болып отыр, - деп атап өтті ведомствода.

2022 жылы туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 1800-ден астам ашық жүрекке операция, оның 75%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдағы жоспарларында Неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа стандартын енгізу және босандыру және балалар бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын өзектендіру тұр.

Сондай-ақ министрлік 11 заманауи перинаталдық орталық салу мәселесін қарады. Осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталады. Клиникалардың базасында 5 өңіраралық балалар кардиохирургиясы орталығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға