Жаңалықтар

Былтыр 19 ойын-сауық сауда орталығы пайдалануға берілді

Былтыр 19 ойын-сауық сауда орталығы пайдалануға берілді
Фото: El.kz 17.03.2023 19:39 1026

2022 жылдың 12 айында Қазақстанда жалпы сомасы 16,1 млрд теңге болатын 19 ойын-сауық сауда орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пайдалануға берілген нақты алаң көлемі - 109,1 м2. 2021 жылмен салыстырсақ, ол кезде 8 сауда орталығы берілген болатын.

Сауда нысандары Қазақстанның 10 өңірінде пайда болды. Ойын-сауық сауда орталықтарының ең көп саны Қызылорда (6) және Атырау (3) облыстарында салынды. Еліміздің қалған өңірлерінде 1-2 нысан тапсырылды.

Сондай-ақ 12 айдың ішінде 6 жабық базар мен павильон қолданысқа берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға