Жаңалықтар

Бұзылған бөгеттерді қалпына келтіру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді - Ернұр Әйткенов

Бұзылған бөгеттерді қалпына келтіру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді - Ернұр Әйткенов
Фото: © Pixabay.com 08.02.2024 11:31 384

Сенатор Ернұр Әйткенов «Ертіс Орманы» орман резерватындағы ауылдарға жыл сайын су басу мен өрт қаупі төнетіні жайлы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сенатордың айтуынша, Павлодар облысындағы Баянауыл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ауыл тұрғындары көктемгі су тасқыны проблемаларын бірнеше рет көтерген.

Гидротехникалық құрылыстардың әбден тозып, істен шығуына байланысты бұл ауылдарды еріген қар суы шайып кетуі мүмкін. Қазір бұзылған бөгеттер әкімдіктің қарамағында және оларды қалпына келтіру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Топырақ үйіп бөгет жасау мен шлюз реттегіштерін орнату үшін шамамен 5,5 млрд теңге қажет, - деді ол.

Ернұр Әйткеновтің сөзінше, жобаны іске асыру Ащысу өзеніндегі су тасқынын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жайылма суару жүйесіне су жіберген соң дымқыл жерге қаулап шыққан көк шалғын жоғары өнім береді және ірі мал азығын жаппай жинап алуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығының дамуына оң ықпал етіп, 6 мыңнан астам тұрғыны бар төрт ауылдық округті жем-шөппен қамтамасыз етеді. Тасқын суды жайылманың суармалы жерлеріне бөлу есебінен 18 елді мекенді су басу қаупі азаяды, - деді сенатор.

Сенатор сонымен қатар 2023 жылы «Ертіс Орманы» мемлекеттік орман резерватында өртті ерте анықтау жүйесін орнату үшін республикалық бюджеттен шамамен 2,4 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Облыс әкімдігі құрылымдық бағынысты мекемелердің аумағында орман өртіне мониторингі жүйесін орнату мәселесін де пысықтады. Алайда діңгекті антенна құрылымдары мен бейнебақылау камераларын орнату ең оңтайлы шара болып отыр. Бұл жүйе процестерді автоматтандыру тұрғысынан жетілдірілген. Ернұр Әйткенов Үкімет басшысынан аталған мәселелерді шешуге көмек сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға