Жаңалықтар

Бүтін бір отбасы мүшелері пәтерінен өлі табылды

Бүтін бір отбасы мүшелері пәтерінен өлі табылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.01.2024 16:22 1858

Бүтін бір отбасы белгісіз жағдайда қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Өзбекстан мемлекетінде болған. Ташкент қаласындағы Учтепин аудандық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 16 қаңтар сағат 17:00 шамасында бір отбасының бес мүшесі пәтерінде ес-түссіз табылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнын тексеру кезінде 36 жастағы әйел мен оның 3 жасар қызының мәйіттері табылды. Одан бөлек, сол үйден табылған 39 жастағы ер адам аурухана дереу жеткізіліп, жансақтау бөліміне орналастырылған. Алайда, өкінішке қарай 1 күн өткеннен кейін ауруханада есін жимастан ер адам көз жұмды.

Сондай-ақ, пәтерден 12 және 8 жастағы балалар есінен танып жатқан күйде табылды. Олар да дереу токсикология бөліміне жеткізілді.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын және нақты қорытынды алғаннан кейін отбасы мүшелерінің өліміне не себеп болғанын хабарлайтынын мәлімдеді. Қазіргі таңда, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға