Жаңалықтар

«Бұрынғыдан өзгеше»: Димаштың «Eternal Memories» әні көпшілікті тамсандырды

«Бұрынғыдан өзгеше»: Димаштың «Eternal Memories» әні көпшілікті тамсандырды
Фото: dimashnews.com 23.10.2023 14:31 831

Макаода Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023 гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

DimashNews мәліметінше, 50-ден астам актерлер, әншілер мен музыканттар танымал фильмдердің музыкалық тақырыптарын жаңа заманауи интерпретацияда ұсыну үшін Galaxy Arena алаңына жиналды.

Димаш «Battle of Memories» фильмінің саундтрегі «Eternal Memories» әнін мүлде жаңаша орындады. Эмоцияларға толы, жарқын қойылым композицияны да, әртісті де жаңа қырынан танытты, - делінген сайт таратқан мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Димашқа арнап жазылған қытай тіліндегі алғашқы ән «Eternal Memories» 2017 жылдың 5 сәуірінде жарық көрді. Шығарылғаннан кейінгі бірінші күні ол Қытайдағы ең үздік iTunes QQ рейтингінде көш бастады. Композиция CCTV телеарнасының нұсқасы бойынша «Top Global Chinese Music» сыйлығында «Жыл әні» номинациясында Димашқа жеңіс әкелді.

Димаштың орындауындағы «Eternal Memories» әлемнің көптеген елдерінде шырқалды, композициясы мен лирикасы жағынан күрделі әнді тек Қытайда ғана емес, қазақстандық өнерпаздың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері де қосыла шырқады. Композиция көрерменді алғашқы аккордтардан бастап соңғы ноталарға дейін қуатты энергияда тербейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға