Жаңалықтар

Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаевтың кімнен пара алғаны анықталды

Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаевтың кімнен пара алғаны анықталды
Фото: facebook.com/Нуржан Альтаев 08.06.2023 09:45 843

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-вице-министр Нұржан Әлтаевты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлтаевтың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасынан жүйелі түрде пара алып отырғаны айтылды. Яғни ол Асқар Мырзахметовке мемлекеттік тапсырыстарды алуға ықпал еткен. 

Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Асқар Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді.

2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И. Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта Әлтаев Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға