©Pixabay.com

Бұршақ, аптап ыстық, өрт қаупі: 23 маусымға арналған ауа райы болжамы

23.06.2025 04:20 6524

23 маусымда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Түркістан облысы:

Күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таулы аудандар мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батысында, шөлейт аймақтарда аптап ыстық — 40°C. Өңір бойынша, соның ішінде Шымкентте де, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да күндіз 40°C ыстық күтіледі.

Атырау облысы:

Батысында күндіз найзағай болады. Жел бағытын солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауыстырады, түнде солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың орталық бөлігінде төтенше, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы:

Солтүстігінде кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ, дауылды жел болады. Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда да найзағай күтіліп отыр.

Қарағанды облысы:

Түнде батысында және солтүстігінде күшті жаңбыр мен бұршақ жауады. Күндіз солтүстігінде нөсер, бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел түнде және күндіз 15–23 м/с. Облыстың батысы, шығысы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысы:

Батысында және оңтүстігінде күндіз найзағай, түнде және таңертең орталық пен оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыс, оңтүстік және шығысында жоғары, солтүстік-шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Батысында күндіз күшті жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл соғуы мүмкін. Жел түнде оңтүстігінде, күндіз оңтүстік, батыс және шығысында 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда найзағай мен бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысы:

Солтүстігінде түнде найзағай мен дауыл, ал орталық, оңтүстік және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік пен солтүстік-батыстан соғып, кейде 15-20 м/с болады. Кешке қарай Қызылордада шаңды дауыл болуы мүмкін.

Ақтөбе облысы:

Солтүстік пен шығысында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз оңтүстік пен орталықта 15-18 м/с. Облыстың батыс, оңтүстік, шығыс және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде найзағай күтіледі.

Қостанай облысы:

Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде күшті жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ және дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с. Солтүстік пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда да найзағай күтіледі.

Жетісу облысы:

Шығыс, орталық және таулы аймақтарда күндіз найзағай болады. Жел батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 35-36°C аптап ыстық күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталықта өрт қаупі төтенше. Талдықорғанда 36°C ыстық және найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысы:

Батыс, солтүстік және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15-23 м/с болады. Күндіз 36°C ыстық. Солтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі. Өскеменде найзағай, бұршақ және 35°C ыстық күтіледі.

Абай облысы:

Таңертең және күндіз найзағай, батыс, солтүстік және оңтүстігінде бұршақ пен дауыл. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 28 м/с дейін жетеді. Күндіз 38°C аптап, орталықта жоғары, ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі. Семейде де бұршақ пен найзағай, 35-37°C ыстық күтіледі.

Ақмола облысы:

Батыс, солтүстік және оңтүстігінде нөсер, бұршақ, найзағай мен дауыл. Жел 15-25 м/с. Солтүстік-батысында жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Көкшетауда бұршақ пен найзағай күтіледі.

Павлодар облысы:

Батыс, оңтүстік және шығысында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел 15-23 м/с. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі. Павлодарда найзағай болады.

Жамбыл облысы:

Таулы жерлерде күндіз найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с. Күндіз 40°C ыстық. Облыста төтенше, солтүстік пен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда да жел 15-20 м/с.

Алматы облысы:

Оңтүстік пен таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с. Күндіз 35-37°C ыстық. Қонаевта да аптап болады.

Батыс Қазақстан облысы:

Батыс, солтүстік және шығысында найзағай. Жел 15-20 м/с. Батыс, оңтүстік және орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі. Оралда түнде найзағай күтіледі.