Жаңалықтар

«Бурабай» ұлттық паркінен 1379 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Ұлттық саябақ аумағына қоқыс жинайтын 60 контейнер қойылған
«Бурабай» ұлттық паркінен 1379 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: udp-rk.kz 09.09.2022 19:47 1417

Жыл басынан бері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен 2 122 текше метр, яғни, 1 мың 379 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды El.kz 

Әсіресе туристер көп келетін жаз маусымында Ұлттық паркте санитарлық тазалау жұмысы қыза түсті.  Мәселен, көлдердің жағалауынан, адамдар көп жиналатын жерлерден маусым айында – 216 тоннаға жуық, шілдеде – 512 тоннадан артық, тамызда – 301 тоннадан астам қоқыс жиналды.

– Санитарлық тазарту жұмысы күн сайын жүргізіледі. Жұмыс күні қоқыс үш рет (сағат 6.00, 12.00, 19.00-де), демалыс пен мереке күндері төрт рет (сағат 6.00, 12.00, 15.00, 19.00-де) шығарылады, – дейді парк директоры Сергей Быков.

Ұлттық саябақ аумағына қоқыс жинайтын 60 контейнер қойылған. Оның 30-ы Бурабай көлінің жағалауында. Одан бөлек ұсақ қалдықтарды салатын 100 жәшік бар. Курортта барлығы 31 қоғамдық санитариялық торап жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға