Жаңалықтар

Бұқаралық спортқа жаңа қарқын – Дархан Қыдырәлі

Бұқаралық спортқа жаңа қарқын – Дархан Қыдырәлі
Фото: El.kz 18.02.2023 17:00 4178

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Tartyl Fest» республикалық турнирінің ұйымдастырушыларына алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

«Осындай үлкен гранд-финалды ұйымдастырып жатқандарға алғысымды білдіремін. Қаншама өрендердің арасынан озып шыққан бүгінгінің батырларын құттықтағым келеді. Себебі, осындай үлкен бәйгеге қатысудың өзі жүлде деп ойлаймын. Ендігі таңда бұл турнир елімізде дәстүрлі түрде өтіп отырады. Жақында өздеріңіз білетіндей еліміздегі жастардың саны 35 жасқа дейін ұлғайған болатын. Президенттің қолдауымен өткізіліп жатқан бұл шара тек қана жастардың емес, барша қазақстандықтардың салауатты өмір салтын ұстануын көздейді және бұл бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деп сенемін. Бүгін қатысушыларға қолдау білдіруге келген қоңақтарға да өз алғысымды білдіремін. Ал жеңімпаздар алдағы уақытта осындай биік мінберден көріне берсін», - деді министр.

Дархан Қыдырәлі республикалық турнирге қатысып жатқан азаматтарды құттықтап, қолдау білдірді. 

Еске сала кетейік, елордада «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға