Жаңалықтар

«Бұлбұл құс» сенің әнің емес». Нұржан Қалжан әніне қатысты дауға нүкте қойылғанын айтты

«Бұлбұл құс» сенің әнің емес». Нұржан Қалжан әніне қатысты дауға нүкте қойылғанын айтты
Фото: instagram.com/nurzhan_halzhan 14.12.2023 14:10 6405

Есімі елге белгілі әнші Нұржан Қалжан «1001 түн» бағдарламасында «Бұлбұл құс» әніне қатысты туындаған даудың немен аяқталғанан айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл әнді Ninety one тобындағы Ace деген жігітке берілгені туралы сөз қозғалды.

Сұрағаны рас. Мен енді орындаушы ретінде рұқсатымды бердім. Ал автордан өздері сұрауы міндетті ғой. Солай деп айтқанымды шулатып жіберіпті. «Менің «Бұлбұл құс» деген әнім» деп айтқан жерді видеода жылдамдатып, бірнеше рет қойған. Содан «Сенің әнің емес. Екіншіден, сен рұқсат беретін автор емессің. Сотқа береміз» деп те шықты. Сөйтсем, авторы продюсеріне құқық беріп қойған екен. Осы даудан кейін Қытайдағы авторға шығып, бар мәселені шештік, - деді өнер иесі.

Қазіргі уақытта арадағы дауға нүкте қойылып, екі әнші достық қарым-қатынаста екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға