Жаңалықтар

"Бұл – тарихи жетістік". Қасым-Жомарт Тоқаев Ризабек Айтмұқанды құттықтады

"Бұл – тарихи жетістік". Қасым-Жомарт Тоқаев Ризабек Айтмұқанды құттықтады
Фото: Әлеуметтік желі 19.09.2023 09:00 697

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.

Айта кетейік, еркін күрестен Ризабек Айтмұқан (92 келі) әлем чемпионы атанды. Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалда Осман Нурмагомедовпен кездесті. Ол қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға