Жаңалықтар

Букмекерлік кеңсеге бәс тігушілер туралы дерек қалай бақыланады?

Букмекерлік кеңсеге бәс тігушілер туралы дерек қалай бақыланады?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 04.02.2024 21:41 516

Қаржы министрлігі букмекерлік кеңсенің және тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Кодексінің 26-бабының 28-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендердің салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті, - деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

Букмекерлік кеңсенің және тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Мемлекеттік кірістер органдарының  ақпарат жүйесіне мынадай мәліметтерді беруді жүзеге асырады:

1) қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

2) қатысушының ойын сессиясының басындағы ақша сомасы;

3) оқиғаның әрбір нәтижесі бөлінісінде құмар ойын ставкасының және (немесе) бәс тігудің мөлшері;

4) оқиғаның әрбір нәтижесі бөлінісінде құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижесі;

5) оқиғаның әрбір нәтижесі бөлінісінде қатысушының есептелген ұтысының сомасы;

6) оқиғаның әрбір нәтижесі бөлінісінде қатысушының жоғалтқан сомасы;

7) оқиғаның әрбір нәтижесі бөлінісінде қатысушының есептелген жеке табыс салығының сомасы;

8) қатысушыға төленген ұтыс сомасы;

9) қатысушының ойын сессиясының соңындағы ақша сомасы.

Мемлекеттік кірістер органдары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығы;

2) Мемлекеттік кірістер органдарының  ақпарат жүйесінің жұмыс қабілеттілігі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің, «Ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсе және тотализаторлардың аппаратық-бағдарламалық кеңселердің мемлекеттік кірістер органдарының ақпарат жүйелерімен интеграциялау қағидаларын және осындай интеграциялау арқылы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту бекіту туралы» бұйрық  жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында 2024 жылғы 1 – 15 ақпан аралығында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14917178).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға