Жаңалықтар

Бүкіл өмірім отансүйгіштік қасиетке негізделген – Нұрлан Әуесбаев

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
Бүкіл өмірім отансүйгіштік қасиетке негізделген – Нұрлан Әуесбаев
Фото: Штабтың баспасөз қызметі 11.11.2022 21:23 1620

«Қазақ аналары-дәстүрге жол» РҚБ Салтанат Тұрсынбекова Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевқа сіздің оппозициялық ерекшелігіңіз неде деп сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz

«Біріншіден, сайлауға жеңемін деп түстім. Сондай үмітіміз бар. Екіншіден, оппозиция деген не? Қарапайым тілмен айтсақ, оппозиция Отанын жақсы көретін, елін-жерін сүйетін, ел үшін қызмет жасайтын адам. Бірақ оның тек қана көзқарасы дәл сол қажетті кезеңде жасалып отырған жағдайға басқаша көзқараста. Бары сол. Біз де елді жақсы көреміз. Ал жеке басыма келетін болсам, соңғы 30 жыл болсын, сонау 1989 жылдан бастап бүкіл өмірім Отансүйгіштік қасиетке негізделген. 90 жылдардан осы елде бірінші қазақ тілі қоғамын құруды бастаудың көшбасында болдым. Осы 30 жыл бойы қазақ тілін басқа да соған сәйкес істелінген жұмыстың бәрін қолдап келеміз. Кеңес үкіметі кезінде әбден азап көрген қазақ тілі мәселесін көтергенде оны саясттандырды деп саяси тұрғыдан қарады. Сондықтан тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып отыр», - деді кандидат Нұрлан Әуесбаев.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға