Жаңалықтар

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.09.2023 05:21 463

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 қыркүйек, сейсенбі күні Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға