Жаңалықтар

Бүгін Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады

Бүгін Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады
Фото: kartinkin.net 10.03.2023 09:13 659

Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Үкімет басшысы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, қалалық индустриялық аймақтың резиденттерімен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысанның қызметімен және құрылысымен танысады. Сонымен қатар Әлихан Смайылов Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізеді", делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға