Жаңалықтар

Бүгін - тыныштық күні

Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады
Бүгін - тыныштық күні
Фото: El.kz 19.11.2022 07:14 1768

Бүгін сағат түнгі 00:00-ден кезектен тыс Президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары аяқталып, тыныштық күні басталды, деп хабарлайды El.kz.

"Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол — тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді", — делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Тыныштық күні 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін белігенген. Ал жексенбі 20 қараша сайлау күні.

Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (22 қарашадан кешіктірмей) жеткізіледі. Демек, сайлаудың алдын ала қорытындылары 21-22 қараша аралығында жариялануы шарт.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға