Жаңалықтар

Бүгін Қысқы универсиада ойындары басталады

Дүбірлі додада еліміздің намысын 78 спортшы қорғайды
Бүгін Қысқы универсиада ойындары басталады
Фото: prosports.kz 12.01.2023 14:23 1426

12-22 қаңтар аралығында Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Әлемдік додаға 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 әйел) қатысады. Студенттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Ресми ашылу салтанаты 13 ақпанда елорда уақытымен 5.50-ге белгіленген. Алғашқы жарыс күні шайбалы хоккей және сноубордтан сайыс басталады.

«Qazsport» телеарнасы ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға