Жаңалықтар

Бүгін қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атануы үшін шарлы алаңға шығады

Бүгін қазақстандық екі боксшы әлем чемпионы атануы үшін шарлы алаңға шығады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 13.05.2023 10:15 1447

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов финалда сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аса маңызды кездесу Астана уақыты бойынша 18.00-де басталып, 48 келіде Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға шығады. Ол грузин боксшысы Сахил Алахвердобимен өзара мықты анықтамақ. 

67 келіде ел намысын қорғайтын Дулат Бекбауов алаң иесі өзбек Асадхуджа Муйдинхуджиевпен шеберлік байқасады. Айта кететін бір жайт, Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандықтан тағы екі боксшы өзбек боксшылармен жұдырықтасады. 

14 мамыр күні сағат 18.00-де басталатын финалық сында 54 келіде Махмұд Сабырхан Ойбек Джураевпен, ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен өзара мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай Қытай атынан сынға түсетін этикалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен алтынға таласады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға