Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда жаңа кәсіби мереке атап өтіледі

Бүгін Қазақстанда жаңа кәсіби мереке атап өтіледі
Фото: © Pixabay.com 01.02.2024 11:08 977

Елімізде жаңа кәсіби мереке пайда болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Енді 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұған дейін берген мәлімет бойынша, жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген. Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады.

Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға