Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Бұл - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі
Бүгін Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтеді
Фото: Ақорда 26.11.2022 09:08 1822

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі, 26 қарашадағы инаугурация – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Осыдан кейін Президент Қазақстан халқына ант береді. Сол сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға