«Бүгін не пісіремін?» деген мәселені AI бірнеше секундта шешеді

«Бүгін не пісіремін?» деген мәселені AI бірнеше секундта шешеді
Фото: AI көмегімен жасалды

«Бұл тағамның калориясы қанша?», «Тоңазытқыштағы өнімдерден не жасауға болады?» деген сұрақтарға енді интернеттен ұзақ іздеудің қажеті жоқ. Бұл міндеттердің көбін бірнеше секунд ішінде жасанды интеллект атқара алады. Ол дұрыс тамақтануды жеңілдетіп қана қоймай, уақыт пен қаражатты үнемдеуге де көмектеседі.

Төменде дұрыс тамақтануды жеңілдететін ең пайдалы тәсілдерге тоқталамыз.

Сүйікті тағамды пайдалырақ етуге болады

Көпшілік дұрыс тамақтану дәмсіз әрі бірсарынды болады деп ойлайды. Алайда жасанды интеллект сүйікті тағамның рецептін өзгертпей-ақ, оны пайдалырақ ету жолдарын ұсына алады.

Мысалы, ChatGPT немесе Claude-қа тағамның құрамын немесе жапсырмасын жіберіп:

Осы тағамның дәмін сақтай отырып, май мөлшерін азайт. Пеште дайындауға лайықтап рецепт жаса, – деп сұрасаңыз жеткілікті.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Нәтижесінде нейрожелі:

  • қуырудың орнына пеште пісіруді;
  • майлы тұздықтарды жеңіл баламалармен алмастыруды;
  • ақуызды көбейтуді;
  • талшыққа бай көкөністер қосуды ұсынады.

Осылайша сүйікті тағамнан толықтай бас тартпай-ақ, оның тағамдық құндылығын жақсартуға болады.

Калория мен ақуызды шамамен есептеп береді

Әр адамның калорияны дәлме-дәл санауға уақыты немесе ынтасы бола бермейді. Дегенмен ағзаға қанша ақуыз, май және көмірсу түсіп жатқанын шамамен білу пайдалы.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Егер дайын тағамның жапсырмасы немесе мейрамхана мәзіріндегі құрамы болса, жасанды интеллект калория, ақуыз, май және көмірсу көрсеткішін есептей алады.

Мысалы:

  • күріштің жартысын алып тастасаңыз;
  • майлы тұздықты жемесеңіз;
  • картоп фриден бас тартсаңыз,
  • бот жаңа калория мөлшерін шамалап шығарып береді.

Әрине, бұл зертханалық дәлдік емес. Бірақ күнделікті бағдар алу үшін жеткілікті.

Бір аптаға мәзір жасап береді

Көп адам үшін ең қиын сұрақ – «Бүгін не пісіремін?»

Жасанды интеллект бірнеше секунд ішінде бір аптаға арналған мәзір құра алады.

Ол үшін:

  • отбасы мүшелерінің санын;
  • күнделікті калория мөлшерін;
  • жемейтін өнімдерді;
  • бюджетіңізді;
  • үйдегі асүй техникасын;
  • қанша күнге бір рет тамақ әзірлейтініңізді

жазсаңыз болғаны. Нәтижесінде таңғы, түскі және кешкі ас мәзірімен бірге дайын сатып алу тізімін аласыз.

Тамақтану күнделігін жүргізуге көмектеседі

Бүгінде көптеген нейрожелі фотосурет арқылы тағамды таниды.

Тәрелкенің суретін жіберсеңіз, ол:

  • тағамды анықтайды;
  • шамамен калориясын есептейді;
  • ақуыз, май, көмірсу мөлшерін шығарады;
  • рационда не жетіспейтінін айтады.

Мұндай тәсіл калорияны үнемі қолмен есептеуден әлдеқайда ыңғайлы.

Тоңазытқыштағы өнімдерден рецепт ұсынады

Апта соңында тоңазытқышта аздаған өнім қалып қоятын жағдай жиі кездеседі.

Мысалы:

  • жарты кәді;
  • екі жұмыртқа;
  • аздап ірімшік;
  • кеше қалған тауық еті;
  • көк шөп.
Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Google көбіне қосымша өнім сатып алуды талап ететін рецепттерді ұсынады.

Ал жасанды интеллект қолда бар азық-түліктің өзінен бірнеше тағам ойлап табады.

Бұл:

  • азық-түліктің рәсуа болуын азайтады;
  • артық шығынның алдын алады;
  • дұрыс тамақтану тәртібін сақтауға көмектеседі.

Дүкенге бармас бұрын сатып алу тізімін жасайды

Көпшілік дүкенге нақты жоспарсыз барып, қажетсіз өнімдерді сатып алады.

Жасанды интеллект мәзірге сәйкес нақты тізім жасап береді.

Тіпті:

  • көкөністерді;
  • ет өнімдерін;
  • жармаларды;
  • сүт өнімдерін

жеке-жеке бөліп, қайсысы қанша күнге жететінін де есептей алады.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Уақытыңыз аз болса, жылдам әрі пайдалы кешкі ас ұсынады

Жұмыстан шаршап келгенде көпшілік дайын тағамға немесе фастфудқа тапсырыс береді.

Мұндайда чат-боттан:

10 минутта дайын болатын, ақуызы көп әрі тойымды кешкі ас ұсын, – деп сұрауға болады.

Нейрожелі үйдегі қарапайым өнімдерден бірнеше минутта әзірленетін тағамдарды ұсынады.

Ең бастысы – AI-ды қатаң бақылаушы емес, күнделікті өмірді жеңілдететін көмекші ретінде пайдалану. Сонда дұрыс тамақтану уақыт пен күшті көп талап ететін міндет емес, қалыпты өмір салтының бір бөлігіне айналады.

Оқи отырыңыз