Жаңалықтар

Бүгін Халықаралық әйелдер күні: мерекенің шығу тарихы

Бүгін Халықаралық әйелдер күні: мерекенің шығу тарихы
Фото: Клара мен Роза. Commons.wikimedia.org 08.03.2024 09:15 28721

Бүгін әлемде Халықаралық әйелдер күні атап өтілуде. Осы орайда бұл мерекенің шығу тарихына аз-кем тоқталып өтсек дейміз. Бәрі 157 жылдан астам уақыт бұрын басталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

*1857 жылғы 8 наурызда Нью-Йорктегі тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шарасын өткізді. Олар жұмыс уақытын 16-дан 10 сағатқа қысқартуды, жарық әрі таза жұмыс орнын, ер азаматтардың жалақысымен бірдей еңбекақы талап етті.

* 1908 жылы әйелдер арасында зорлық-зомбылық пен теңсіздікке қарсы үлкен толқулар болды. Сол жылы 15 000 әйел жұмыс уақытын қысқарту, жалақыны көтеру және дауыс беру құқығын талап етіп, Нью-Йорк қаласында шеруге шықты.

* 1909 жылы АҚШ-та кәсіподақ белсендісі Тереза Малкилдің ұсынысы бойынша тұңғыш рет Ұлттық әйелдер күні атап өтілді.

* 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің екінші халықаралық конференциясы өтіп, онда Германияның социал-демократиялық партиясы «Әйелдер кеңсесінің» басшысы Клара Цеткин Халықаралық әйелдер күнін атап өтуді ұсынды.

* 1911 жылы Халықаралық әйелдер күні алғаш рет Австрия, Дания, Германия және Швейцарияда тойланды. Миллионнан астам адам әйелдер құқығын қорғау мақсатында митингтер ұйымдастырған.

* 1975 жылы БҰҰ Халықаралық әйелдер күніне ресми мәртебе беріп, алғаш рет атап өтті.

* 1996 жылы БҰҰ тұңғыш рет Халықаралық әйелдер күнінің жыл сайынғы тақырыбын жариялады: «Өткенді тойлау, болашақты жоспарлау».

* 8 наурыз ресми түрде әлемнің 30-ға жуық елінде тойланады. Біздің елімізде де бұл мереке кең көлемде атап өтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға