Жаңалықтар

Бүгін - Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бұл туралы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мәлімдеді
Бүгін - Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні
Фото: media.kz 11.02.2023 16:19 2496

​Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні 2015 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қол жеткізуін және қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі қарары негізінде 11 ақпанда атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мереке 2016 жылдан бастап, БҰҰ-ның «Даму жолындағы ғылым, технология және инновациялар» (2013 ж. желтоқсан) резолюциясы қабылданғаннан кейін екі жылдан кейін аталып өтіле бастады және әйелдер мен қыздардың ғылыми-техникалық қоғамдастықта маңызды рөл атқаратынын еске салады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (2022 жылғы ақпандағы) деректері бойынша Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйел ғалымдардың үлесі 50%-дан астам (10 мыңға жуық әйел).

‍Олардың ішінде:

714 әйел – ғылым докторы,
2427 - ғылым кандидаты,
992 - PhD докторы,
28 - бейіні бойынша докторлар.

Қазақстандық әйелдер ғылымның қай салаларында жұмыс істейді?

медициналық ғылым саласында – 71%;
әлеуметтік ғылым бойынша – 62%;
гуманитарлық ғылым саласында – 59%;
жаратылыстану ғылымдары бойынша – 53%;
ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша – 45%;
техника және технология саласында – 44%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға