Жаңалықтар

Бүгін Грекияда жазғы Олимпиада алауы жағылады

Бүгін Грекияда жазғы Олимпиада алауы жағылады
Фото: Видеодан кадр/tokyo2020 16.04.2024 14:25 276

Бүгін Ежелгі Олимпияда Париж Олимпиадасының алауы күн сәулесінен тұтанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір күн бұрын Грекияда Олимпиада алауын жағу рәсіміне басты дайындық өтіп, әртістер бұл салтанатты шараның қалай болатынын көрсетті.

Ежелгі Олимпия - Антикалық Олимпиада ойындары өткізілетін Пелопоннестегі Ежелгі Грекияның қасиетті жерлерінің бірі, Грекиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұраның нысаны.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға