Жаңалықтар

Бүгін елімізде жастар кадр резервіне іріктеуге қатысудың соңғы күні

Бүгін елімізде жастар кадр резервіне іріктеуге қатысудың соңғы күні
30.09.2023 18:56 536

Бүгін президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған өтінімді 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.

Резервке іріктеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Оған жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Үміткерлерге мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуден өту үшін Qazaq resmi Test (онлайн) промокодын алу 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін, тестілеуді тапсыру сағат 17.00-ге дейін қолжетімді.

Іріктеу шарттары бойынша үміткерлер 30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеуді аяқтап, 1 қазанда өтетін іріктеудің кезеңі – «Тестілеу – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жазылуы қажет.

Тестілеуге жазылу ағымдағы жылғы 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін ашық болады. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимде өтеді, сондай-ақ аудио және бейнежазбамен сүйемелденеді.

Үміткерлерге жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге, өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға