Жаңалықтар

Бүгін елімізде төрт миллионға жуық оқушы демалысқа шықты

Бүгін елімізде төрт миллионға жуық оқушы демалысқа шықты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.05.2024 10:41 344

25 мамырда Қазақстан бойынша 4 млн-ға жуық бала оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 186 мыңнан астам бала 11-сыныпты бітіруші түлектер санатында. Биыл ұзақтығы 34 апта болған оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

Еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды. Бұл ретте оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.  

Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз- Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!, - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға