Жаңалықтар

Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталады

Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталады
Фото: ehonews.kz 14.01.2023 09:01 653

Елімізде бүгін сағат 10.00-де ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелген. Оның ішінде, Алматыдан - 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан - 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.

Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады. Ең көп дауыс беруші Түркістан (317 дауыс беруші) және Қостанай (263 дауыс беруші) облыстарында. Ал ең азы Астанада – 31, Шымкентте – 30 және Алматыда – 38.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға