Жаңалықтар

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 31.10.2023 06:29 441

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен күн құбылып тұрады.

Елдің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға