Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

 © El.kz
Фото: © El.kz

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 21 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы және Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Оқи отырыңыз