Жаңалықтар

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 17.10.2023 07:07 401

17 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 17 қазан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға