Жаңалықтар

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.08.2023 07:31 449

17 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 17 тамыз, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Астана, Алматы және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға